АРДАГЕРЛЕРГЕ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР ТАБЫС ЕТІЛДІ
Кеше Қызылорда облысында Жеңістің 70 жылдығына орай Жеңіс акциясы аясында соғыс ардагерлеріне «Өмір жолы» жобасы аясында ұялы телефондар табыс етілді. Республикалық ардагерлер ұйымы мен Самұрық – Қазына қоры қолдауымен ұйымдастырылып отырған жобаның мақсаты соғыс ардагерлеріне жедел көмек көрсету. Жанында ешкім болмай көмекке зәру кезінде ұялы телефон құрылғысында дабыл нүктесін басып, кез келген уақытта оператор арқылы көмек сұрай алады. Ардагерлер денсаулығы сыр берген жағдайда, не қауіп төнген уақытта бірден дабыл нүктесін басса болғаны қажетті көмек дер кезінде көрсетіледі.
«Өмір жолы» қорының атқарушы директоры Эрнар Нұрбеков кездесуде айтып өткендей, 30 сәуірге дейін елімізде тұрып жатқан барлық 5083 ардагерлері «Өмір жолы» жүйесіне қосылатын болады. Ал Қызылордада тұрып жатқан барлық 104 ардагер мобильді құрылғыны екі аптаның ішінде ала алады.

Ардагерлерге жедел түрде көмек көрсету үшін Еуразиялық Медиа Форумның еріктілерінің әрекетімен қажетті ақпараттар жиналды. Осы уақытқа дейін көмек орталығына 300-ден аса қоңырау түскен, онға жуық ардагерлердің өмірін сақтап қалған.
Айта кету керек, жобаның ұйымдастырушылары «ҚР ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Еуразиялық медиа форум» ұлттық қоры, «Өмір жолы» қоғамдық қоры, «Beeline» желі операторы және басқа серіктестер.
Шынар БЕКБАН