ЕЛОРДАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қазіргі уақытта Астанада «Wi-fi Bus» атты сынақ режиміндегі жаңа жоба іске қосылды. Осыған байланысты қалалық №1 автобус паркі 12 автобусты арнайы модеммен жабдықтаған. Жаңа қондырғы әрбір жолаушының соңғы аялдамаға дейін ғаламтор әлемінде еш кедергісіз отыруына мүмкіндік береді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Astana Innovations» АҚ хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл модемдер белгілі бір автобустарға ғана қосылған. Олар: №10,12, 28 және 42 автобус. «Smart Astana» департаментінің бас менеджері Айбек Садықовтың айтуынша, жоба қала тұрғындары мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қолдау тапса, қаланың барлық автобустары интернетке қосылады.
«Wi-fi Bus» жобасының енгізілуі қала тұрғындарының сапарын қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде мұндай қолжетімді интернет Нұржол көшесі, «Думан», «Мега», «Ханшатыр» ,«Керуен», «Сарыарқа» СО алдындағы алаңда, елордалық цирк алаңында, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы мен Ғашықтар саябағында бар.