«ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІККЕ БАСТАУ» АТТЫ ОҚЫРМАНДАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Толеранттылық бейбітшілікке бастау» атты оқырмандар конференциясы өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, техника ғылымының кандидаты, доцент Айтжан Оразбақов және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан облыстық ұлттық орталықтары туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар, достық байланыс орнаған елдердің шекаралық аумақтарындағы халықтардың өз ара қарым – қатынасының мәні жайлы пікірлер айтылды.
Конференцияға қатысушылар «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты кітап көрмесімен танысып, Қазақстанда қоныстанған халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі жайлы мол мағлұматтар алды.