Жылқылар туралы 10 қызықты деректі білесіз бе?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жылқы - адамзат тарихындағы ең маңызды рөлге ие жануар. Жылқылар әрқашан адамдар үшін адал көмекшілер мен дос болды. Жылқы болмаса адамзаттың қазір қандай күйде болатынын елестету қиын.
Технологиялық прогресс жылқылардың орнын басқанмен, жылқыдан асқан жаратылыстарға ойлап таба алмайды.
Жылқылар туралы қызықты деректер:
1. Сену қиын, бірақ алғашқы жылқылар орташа иттің мөлшеріндей болған және елу миллион жыл бұрын біздің планетаны қамтыған тығыз ормандарда өмір сүрген. Қалай дегенде де, ғалымдар қазба табылған заттарға сүйене отырып әлемде адамзаттың жылқыны алғаш Қазақстан территориясында мінгенін зерттеді.
2. Әлемдегі ең кішкентай жылқының бойы небәрі 44 жарым сантиметрді құрады.
3. Жылқының орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 25-30 жыл.
4. Жылқылар адам дауысына қарап, көңіл-күйін біле алады.
5. Аттың тұяқтарының екінші функциясы - ат жерге мінгенде қан тамырларын сорып алатын сорғы есебінде.
6. Жиырмадан астам ұлтта жылқы қасиетті жануар болып саналады.
7. Жылқылар фотосуреттер мен картиналардан басқа жылқыларды тани алады.
8. Жалпы, әлемде алпыс миллионға жуық жылқы бар, соның ішінде жабайы жылқылар мекендейді.
9. Жылқылардың жадысы керемет дамыған. Олар өзіне қатал қараған адамды өмір бойы есте сақтай алады, достарын да ұмытпайды.
10. Жылқының ең жоғары секіруі 1949 жылы ресми түрде тіркелді, оның биіктігі 2 метр 47 сантиметр болды.