13 МЫҢ АДАМ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ
Өткен жылы «Бизнестің Жол картасы» шеңберінде кәсіпкерлерді қолдауға 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігі едәуір артып, жеке кәсіпке бет бұрғандардың саны 5,5 пайызға өсіп, кәсіпкерлер қатарына жаңадан 13 мыңнан астам адам қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев халық алданда есеп беру кездесуінде айтты.
Қазіргі таңда облыс кәсіпкерлікті дамыту үрдісі бойынша аймақтар арасында бірінші орында. Әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан банктер кәсіпорындарға 2013 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық несие берді.
- Жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанымен, шағын және орта бизнестің дамуына жақсы жағдай жасалды деуге әлі ерте. Оның негізгі себебі екі өкпеден қыса бастаған дағдарыс та емес. Жемқорлық, бюрократия, қыңыр адамдар орнатқан қасаң тәртіптер жұмыстың тез жүріп кетуіне негізгі кедергі. Бұл қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлердің пікірі. Біздің кейбір шенеуніктер мен банк қызметкерлері осындай әрекеттері арқылы бизнестің кең қанат жаюын тежеп отыр! Мұндайды қоғам мен мемлекетке жасалған қастандық деп бағалаймыз, соған сәйкес әрекет болатындығын ескертеміз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасы көптеген игі бастама көтеріп, кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосып келеді. Сондықтан бұл бағытта кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс жасалмақ.