ШЫНЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы басталды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
- Көптен күткен шыны зауытының құрылысы қоғамдық пікірде тіпті бұрынғы-қазіргі облыс әкімінің жұмысын бағалайтын индикаторға айналды, сондықтан осы мәселеге арнайы тоқталайын. Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақтан аталған зауытқа арнап жер бөлінді. Бюджет есебінен инженерлік инфрақұрылымдар тартылды. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, мемлекеттік сараптама жасалды, қажетті келісімдерге қол қойылды. Сонымен, 52 миллиард теңге тұратын шыны зауытының құрылысы басталды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.