ЕРЛІКТІҢ ӨШПЕС ІЗІ: КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ҰРПАҒЫМЕН КЕЗДЕСУ
Жаңақорған ауданынан бес мыңнан астам азаматы соғысқа аттанып, олардың екі жарым мыңнан астамы соғыс даласы мен неміс концлагерлерінде, дала госпиталдарында бақилық болды. Солардың бірі Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліпов болатын. Сұрапыл соғыста Батыр атанған ардагер бейбіт еңбекте де өзінің абыройына дақ түсірмей, 79 жасында 2002 жылы қайтыс болды.
Батырдың өткен өміріндегі кейінгі ұрпаққа беймәлім жәйіттер туралы, оның артында қалған ұрпақтарының қазіргі тұрмыс тіршілігі туралы білмек болып «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында арнайы Аққорған ауылына барып, Батырдың үлкен ұлы Мақсаттың шаңырағында болып қайтты. Батыр туралы, оның өнегеге толы өмір жолына қанығып қайтты, делінген партияның баспасөз қызметінің хабарламасында.