УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Тарих, құқық және экономика факультетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы ВТБ Банк (Қазақстан) Акционерлік Қоғамы Еншілес Ұйымының тікелей сатылым бөлімінің менеджері А.Р. Құдайбергеновамен, жеңіл желі сатылымының менеджері А.Бакировамен, жеңіл өнімдер сатылым бөлімінің менеджері С.Төрехановамен кездесу өткізді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде банк қызметкерлері банк өнімдері мен қызметтері, несие алуға өтінім, шотты ашуға арналған өтінім, тарифтер, пайыздық мөлшерлемелер, кепіл мүлік сату, шағын бизнесті несиелендіру, дистанциялық банктік қызмет көрсету туралы мағлұматтар берді. Сондай-ақ, ВТБ Банкі (Қазақстан) басты назарды корпоративті тұтынушылар мен шағын және орта бизнеске бөле отырып, заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететіндігін және өз тұтынушыларының қажеттіліктерін жылдам орындап, еуропалық сападағы өнімдер мен қызметтерді ұсынатындығын атап өтті. Кездесу барысында студенттер мен профессор-оқытушылар қаржы, несие саласына байланысты өздерін толғандыратын сұрақтарға қызметкерлер тарапынан ұтымды жауаптар алды.