ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН ЖАУЫП, БҰРҚАСЫНДАТАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, бұрқасындатады деп күтілуде. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, бұрқасын болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасындатып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайлды. Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы облысында кйе жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда.