Теле-радио арналары уақытша хабар таратуды тоқтатады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті теле-радио арналары уақытша хабар таратуды тоқтататынын хабарлады.
«2019 жылғы 2 қазан күні сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында электросиреналарды қоса отырып «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріледі. Сонымен қатар теле-радио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.