СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА ҮГІТ ЖҮРГІЗУГЕ 395 МЫҢ ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
Сенат депутаттығына үміткерлердің әрқайсысына үгіт жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ көлік шығыстарын өтеуге республикалық бюджеттен 395 мың теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін отырыста ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрқайсысына сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, сондай-ақ көлік шығыстарын өтеуге республикалық бюджеттен 395 мың теңге бөлінеді.
«Оның ішінде 115000 теңге – теледидар арқылы 15 минуттық сөз сөйлеуге, 60000 – радиодан 10 минуттық сөз сөйлеуге, 105 000 теңге – басылымдарда екі мақала жариялауға, 20000 теңге – сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайды жалға алуға, 25000 – үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға, сондай-ақ 70000 теңге облыстар үшін, 35000 теңге Астана және Алматы қалалары үшін көлік шығыстарын өтеуге жұмсалады», - деді В.Фоос.
Айта кетейiк, 2008 жылғы 4 қазанда сайланған сенаторлар өкiлеттiлiгiнiң конституциялық мерзiмi осы жылдың 9 желтоқсанында аяқталады. Сөйтіп, 1 қазанда республиканың 16 өңiрiнде жоғарғы палата депутаттарының сайлауы өтпек. Сенат сайлауын өткiзуге биыл республикалық бюджеттен 136 млн теңге бөлiніп отыр.