«СОЮЗ - У» ЗЫМЫРАНЫ «ПРОГРЕСС М-26М» ҒАРЫШ ЖҮК ТАСЫҒЫШЫМЕН БАЙҚОҢЫРДЫҢ ГАГАРИН ҰШУ АЛАҢЫНА ОРНАТЫЛДЫ
Мемлекеттік комиссия шешіміне сәйкес, кеше таңғы сағат 7-де Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-У» зымыран-тасығышы мен «Прогресс М-26М» жүк кемесін жинақтау-сынау корпусынан 1-ұшу алаңына (Гагарин ұшыру алаңы) шығарды. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, зымыран кешеннің ұшыру жүйесіне орнатылды, кесте бойынша бірінші ұшыру күніндегі жұмыстарға кірісті.
Алдағы екі тәулікте зымыранның барлық жүйесі мен аппаратурасы, ұшыру алаңының жерүсті қондырғысы, зымыран тасығыштағы жанар-жағармай мен газ тексеріледі, деп атап өтті баспасөз қызметінде.
«Союз-У» зымыран-тасығышы мен «Прогресс М-26М» жүк кемесін 17 ақпанда, Астана уақытымен сағат 17:00 ұшырылмақ.
Ғарыш жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасының экипаж мүшелеріне қажетті жанар-жағар май, оттегі, азық, ғылыми тәжірибелер үшін қажетті аппаратураны, ғарышкерлер мен астронавттарға сәлемдемелерді жеткізеді.