Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯЛАРДЫ ТАПСЫРДЫ
Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2014 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды.
«Мен Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру үшін келіп отырмын. Мәдениет қоғам мен мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқарады. Жыл сайын елімізде отандық мәдениетті дамытуға 7,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіхалықова.
2014 жылдың қорытындысы бойынша мәдениетті дамытуға үлес қосқаны үшін 100 әдебиет және өнер қайраткеріне стипендия тағайындалды. Олардың арасында Олжас Сүлейменов, Ескендір Хасанғалиев, Бибігүл Төлегенова, Мырзатай Жолдасбеков, Владимир Толоконников, Асанәлі Әшімов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази және тағы басқа қайраткерлер бар.
Айта кетейік, биылғы жылы жастар арасында «Әдебиет порталы» жобасының басшысы, ақын Бауыржан Қарағызұлы стипендиат атанды.
«Әдебиет порталын» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» акционерлік қоғамы әзірледі.
Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бірегей жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа. Веб-порталдың негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды қоры жинақталған. Әдебиетшілер мұндағы кітаптарға онлайын түрде пікір, рецензия қалдыра алады. Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. Бұл жерде әр авторға жеке бет арналған және олардың шығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған. Әр автор өз шығармашылығын ұдайы дамыту мақсатында әдеби блог жүргізу мүмкіндігі де қарастырылған. Порталда жас авторлар үшін арнайы «Жас авторлар мінбері» айдары және «Ашық мінбер» блогы да ескерілген. «Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді.
«Әдебиет порталы» – тек онлайн кітапхана ретінде ғана емес, кәсіби ақын-жазушылар мен жас авторлар үшін де бірегей коммуникациялық әдеби алаң болып табылады. Порталда «Аударма», «Мазмұн», «Хат», «Иллюстрация»және «Поэзия әлемі» жобалары шеңберінде белсенді түрде әлемдік шығармаларды қазақ тіліне аудару және қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару, әдебиет тұлғаларының құнды хаттарымен танысу, әдеби шығарманың қысқаша мазмұнын жазу, сонымен қатар, сүйікті өлеңді мәнерлеп оқу мен әдебиетте иллюстрацияны – жаңаша бір қырынан қарауға қол жеткізеді.
«Әдебиет порталында» балалар мен жасөспірімдер де ерекше назарда. Оларға арналған аудиокітаптар мен танымдық энциклопедиялар, ертегілер мен аңыздар топтастырылған «Балалар әдебиеті» тарауы дайындалған.
Бұдан басқа да Порталда тағылымды дәйексөздерді табуға, әдеби журнал оқуға, сүйікті кейіпкер жайында тереңірек білуге және мәдениет қайраткерлері мен ақын-жазушылардан алынған сұхбаттарды оқып, аудиокітаптарды тыңдауға болады.