ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық алдында есеп берді.
Облыс орталығында өткен жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі азайды.
Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2014 жылы 1 трлн. 45 млрд.478 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Облыста өндірілген өнімнің 92 пайызы, салынған құрылыс нысандарының 50 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Қала бюджетінің 32 пайызы – білім, 33 пайызы – коммуналдық шаруашылық, 23 пайызы құрылыс саласына бағытталды.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға арналған бағдарламалар нәтижелі жүзеге асуда. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасымен жоспарланған жұмыстар 1,5 есеге, «Құлан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар 2 есеге артығымен орындалды.
Жыл ішінде 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. 143 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Біршамасы күрделу жөндеуден өтті. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қалада екі аспалы көпір салынды. «Болашақ» университеті тұсындағы аспалы көпір пайдалануға берілсе, «Жайна» сауда үйінің маңындағысы жақын күндері ел игілігіне беріледі.
Тұрғындар есепті кездесуде өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барлық сауалдарға жауап беріп, мәселелер кезең-кезңімен шешімін табатындығын жеткізді.
Есепті кездесуге қатысқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев Елбасының тапсырмасына сәйкес құрылысы басталған әлеуметтік нысандарды сапалы, уақытылы аяқтау қажеттігін тапсырды.