«ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен 2015 жылғы 11 ақпанда өзге ұлт жастары арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық байқауы болып өтті.
Байқауға Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 18-30 жас аралығындағы 9 талапкер қатысты.
Байқауға қатысушыларды облыс әкімі аппаратының Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Жұмабаев Асылбек Теңелұлы құттықтап, сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылар «Тіл – татулық тірегі» атты бейнероликтер байқауы, «Мемлекеттік тілді білу – бұл ...» атты эссе байқауы, ауызша тапсырмалар байқауы бойынша өз өңірін қазақ тілінде таныстырып, «Ой жарыс» байқауы бойынша 2015 жылы өтетін барлық атаулы күндерге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Байқауға қатысушыларға ф.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман, № 3 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сайдалиева Эльмира, Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Рыбина Елена қазылық жасады.
Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Шиповских Геннадий І орынды жеңіп алса, Жалағаш ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің мейірбикесі Бондаренко Виолетта ІІ орынды, Қазалы ауданы, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің тәрбиешісі Баркова Наталия ІІІ орынды иеленді.
Ал, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің 3-курс студенті Шамин Михайл, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Метелев Евгений, Шиелі ауданы, №252 Г.Ковтунов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Чжен Марина ынтандаландыру сыйлықтарына ие болды.
Байқауға қатысушылар дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы ақпан айының 20-21-нде өтетін республикалық байқауға қатысады.
Қызылорда облыстық ішкі саясат
басқармасының баспасөз қызметі