ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САНЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫСЫ
2014 жылдың желтоқсанында кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) жалдамалы қызметкерлер саны 152,0 мың адамды құрады. Қызылорда облысы бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2014 жылдың желтоқсан айында 118994 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті, ал нақты жалақы индексі 0,1 пайызға төмендеді. Жалдамалы жұмыспен қамтылған қызметкерлер еңбек ақысының 2014 жылдың желтоқсан айында артуы 2013 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда экономикалық қызметтің барлық түрлерінде белгіленді. Еңбекақы төлеудің жоғарғы деңгейі өнеркәсіп, көлік және қоймалау, акпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызмет, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында байқалды.
Қызылорда облысы статистика департаменті
Қызылорда облысы статистика департаменті