BEELINE «ӨМІР ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАНЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ БОЛДЫ
Beeline Қазақстан «Самұрық-Қазына»ӘАҚ» қолдауымен, ҚР Ардагерлер кеңесімен және «Еуразиялық медиа-форум» халықаралық қорымен бірлесе отырып, «Өмір жолы» қоғамдық қоры өткізіп жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кең көлемді науқанның серіктесі болды.
Жобаның шеңберінде шұғыл көмек жүйесіне ҰОС-ның 5000-астам қатысушысы қосылады. Beeline Қазақстан арнайы жеңілдікті тарифтік жоспарға қосылған, сонымен қатар теңгерімде қаражат болмаған жағдайда да «дабыл батырмасын» қолдануға мүмкіндік беретін қажетті көлемдегі SIM-карталармен қамтамасыз етеді.
«Соғыс ардагерлеріне жәрдемдесуге бағытталған қайырымдылық жобаның серіктесі болу біздің компания үшін үлкен мәртебе. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі Beeline қызметкерлері еріктілер ретінде белсене қатысады. Сонымен қатар телефондарды жеткізуді біз өз мойынымызға аламыз. «Өмір жолы» Астана, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында басталып кетті. Сәуірдің соңына дейін барлық ардагерлер өз мобильді құрылғыларына қол жеткізеді деп күтілуде», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь өз пікірін білдірді.
«Жоба өткен жылдың соңында Алматы және Астана қалаларында басталғанын, осы уақыт аралығында «Өмір жолы» бірнеше жанды құтқарып үлгергенін атап өткім келеді. Серіктестерімізге алғыс айта отырып, жеңіс мерекесі қарсаңында ғана емес әр уақытта ардагерлерімізді еске алып, оларға көмек беруге қоғамды шақырғымыз келеді. Науқанды жүзеге асыру барысында көмек кешенді және тұрақты түрде көрсетілетін болады», - деп «Өмір жолы» ҚҚ-ның атқарушы директоры Эрнар Нұрбеков өз ойымен бөлісті.