ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ
2015 жылдың 1 қаңтарына қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 753,2 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 325,1мың, ауыл халқы – 428,1 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне 43,1%, ауылдықтар үлесіне – 56,9% тиесілі.
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айында Қызылорда облысында туылғандар саны 20562 адамды құрады, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 309 адамға көбейді. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,61-ден 27,54-не азайған.
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айында облыста өлім көрсеткіші 4556 адамды құрап, 144 адамға көбейді (2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 4412 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,01-ден 6,10-ға көбейген.
Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (15,7%).
Қызылорда облысы статистика департаменті