ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ОҢТҮСТІК АУДАНДАРДА БОЛДЫ
Кеше аймақ басшысы Қ.Көшербаев Жаңақорған ауданында іс-сапармен болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Тағы бір білім ордасы Сүттіқұдық елді мекенінде ашылды. Жалпы бұл ауданда биыл 4 мектеп пайдаланылуға беріледі. Ал үшеуі күрделі жөндеуден өтуде. Зәулім ғимаратта оқушылардың білім алуына бар жағдай жасалған.
– Білім саласы басты назарда. Білімге құйылған қаржы - болашаққа салынған инвестиция. Облыста 25 апатты жағдайдағы білім ордасы бар. Соның 14-ін биыл жаңадан салып жатырмыз. Қалғаны келер жылы аяқталады. Балабақшамен қамту көрсеткіші 90 пайыз. Келер жылдың соңына дейін бұл мәселеде түпкілікті шешімін табады, - деді аймақ басшысы.
Мұнан соң «Қазатомпром» ҰҚ демеушілігімен салынған 50 орындық «Жалын» балабақшасы және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен кітапхана жұмысымен танысты. Жаңақорған шипажайында болып, ем қабылдаушылардың жағдайын білді.