СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Бүгін Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Департамент басшылығы және облыстың 10 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және үкіметтік емес ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы бірлескен күштерді біріктіру мәселелерін қамтитын бірлескен іс-шаралар Жоспарына қол қойылды.
Іс-шарада Департамент басшысы Мұрат Қарымсақов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, қол қойылған бірлескен іс-шаралар жоспарының маңыздылығын атап өтті.
«Баршамызға мәлім, 2014 жылғы желтоқсанда Елбасымен Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегиядағы басым шаралардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамдық бақылау институтын енгізу болып табылады. Стратегияның аталған шараларды барлық қоғамның күштерін, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіру арқылы іске асыру мүмкін», - деді.
Кездесуде Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Абай Батырбаев ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптарына түсіндірме берді, сондай-ақ Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйіне жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және тәртіптік кеңестің жұмыс барысы туралы баяндама оқыды. Баяндама барысында слайд көрсетілді.
Сондай-ақ кездесуде ҮЕҰ өкілдері, бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтіп, өздерінің ұйымдарының қызметі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдармен жүргізілген іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер бойынша ойларын айтып, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендігін білдірді.