КҮННІҢ ЖЫЛЫНУЫ АЙМАҚТАҒЫ ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АРТУЫНА ӘСЕР ЕТТІ
Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың соңғы бір айында қызылша ауруымен 11 адам тіркелген, ал, өткен жылдың аяғына дейін бір жыл ішінде 19 науқас есепке алынған болатын. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің жұқпалы аурулар эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Әлия Ыдырысова мәлімдеді.
Оның айтуынша ауа райының күрт жылынуы жұқпалы аурулардың артуына әсер етеді. Қызылша ауруының басты қорғанысы вакцина егу.
Осы орайда Қызылорда облысында үстіміздегі жылдың 9-21 ақпанында 15-19 жас аралығындағы 42 154 адамға қосымша вакцина егіледі. Вакцина егу жұмыстары барлық аудандарда, қалалық емханалар, мектептер, жоғары және орта оқу орындарындарында барлығы 184 егу орталықтарында жүзеге асырылатын болады. Жұмысқа 215 вакцина егуші мен 763 медицина қызметкерлері тартылған. Осы мақсатқа бөлінген қаражатқа вакцина мөлшерінің 51 мыңы сатып алынды.
Сондай-ақ, брифингте жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мира Алмаханова қызылша ауруының алғашқы белгілері мен таралу жолдарын кеңінен түсіндіріп берді.
Фариза ОМАРОВА