АРАЛДА БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ СЛЕТІ ӨТЕДІ
Бұл туралы Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов журналистерге арнап өткізген брифингте мәлімдеді, деп жазады OrdaInfo ақпараттық порталы.
Аймақта балық шаруашылығын дамытып, оның экспорттық әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кіші Арал теңізі және облыстағы көптеген су айдындары мен көлдер қалпына келіп, балық аулау көлемі 15 есеге өскен. Қазір өңірде жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Соңғы 2 жылдың өзінде жалпы құны 6,1 млн. АҚШ долларға бағаланған 1100 тонна балық өнімдері Еуропа елдеріне экспортталды. Өткен жылы облысқа бекітілген балық аулау лимиті 6725 тонна. Ал 11 мың тоннаға дейін су маржанын өңдей алатын зауыттардың жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, шикізат тапшылығы байқалады. Сондықтан бірінші кезекте тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып отыр.
— Соңғы 2 жылда 9 тауарлы балық өсіру шаруашылықтары құрылды. 2017 жылға дейін олардың санын 20-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қызылорда облысында балық шауашылығын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. Наурыздың алғашқы 10 күндігіне жоспарланған Аралдағы балықшылар слетінде осы мәселелерді жан-жақты талықлаймыз, — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов.