ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Ақордада ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Үкiметке мемлекеттiң халық алдындағы әлеуметтiк мiндеттемелерiн сақтай отырып, 2015 жылы республикалық бюджет шығыстарын 10%-ға қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мүмкiндiгінше барлық салаларда бюджеттiк үнемдеудiң қатаң саясатын жүргiзу керек. Жағдайымыз жақсы, мұнай құны баррелiне 100 доллардан артық болып тұрған кезде өнiмдердiң барлығы, металдар сатылып жатты. Тұрмысымыз түзелген соң, босаңсып кеттiк. Әдетте мұндай құбылыс орын алып тұрады. Қаржыны оңды-солды жұмсадық. Қазiргiдей қиын-қыстау кезеңде сабырлы болу керек», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, дағдырысқа қарсы шаралардың негiзгi бөлiктерiнiң бiрi – бюджет шығындарын оңтайландыру.
«Жаңа бастамалар мен ұсыныстарды жағдай жақсарғанға дейiн шегере тұрайық. Бiз қолға алған жұмысты соңына дейін жеткiзуiмiз керек. Бұл – мемлеттiк органдар, әкiмдiктер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен мемлекеттiк кәспорындарға айтылып отырған дүние. Үкiметке 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарын ортақ шығындар көлемiнен 700 млрд теңге немесе 10%-ға қысартуды тапсырамын. Бұл ретте мемлекеттiң халық алдындағы әлеуметтiк мiндеттемелерi бiр теңгеге де қысқармауы шарт. Қатаң бюджеттiк саясат бойынша жұмысты барлық облыс, Алматы мен Астана қалалары мен аудан әкiмдерi жүргiзуi тиiс», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Қысқы Универсиада мен Алматы метросының 2-ші кезеңі құрылысын қаржыландыруды қысқарту қажет. Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Мен әлеуметтік қажеттілікке арналған шығыстарды қысқарту туралы ұсыныс бар екендігін білемін. Бұл жақсы ұсыныс, қарапайым адамдарға қатысты болмағанда оны қолдауға да болар еді. Мәселен, оны қарапайым адамға шығын келтірместен қайдан іздеуге болады? Мәселен, біздің шығыстар: банктерді қолдау үшін 500 млрд., қысқы Универсиадаға - 100 млрд., метроның екінші кезеңіне - 227 млрд. теңге. Қиын кезеңде біздерге кейбірін күте тұру қажет. Одан кейін жалғастырамыз», - деді Елбасы.
Осы ретте ҚР Президенті қысқы Универсиаданың бір бөлігін Астанада, екіншісін Алматыда өткізуге болатынын атап өтті. Бұған қоса ҚР Президенті аталған шараның имидждік жоба екендігін әрі соңына дейін атқару керектігін баса айтты.
«Бірақ дәл осы шарада шығыс көп, қаржыны біздерге сол жақтан қарастыру қажет. Бұл уақытша», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы Алматы метросының 2-ші кезеңі құрылысын тоқтата тұру қажеттігін айтты.
Наурызда 1,3 мың отбасы жалдамалы пәтерге ие болады. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Тұрғын үй бойынша 486 мың шаршы метр жалдамалы пәтер салу және сатып алу жоспарлануда. Бұл - он мың пәтер. Ағымдағы жылдың наурызына 1353 пәтер, екінші тоқсанда 700 пәтер пайдалануға беріліп, тұлғаларға бөлінетін болады», - деді Елбасы.
Бюджет қаржысы есебінен мерейтой жасаудан тыйылу керек. Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Бізде мерейтой жалпыға ортақ сүйікті іс болып отыр. Мерейтой қайда болса, бәрі сонда. Жиындарға қатысу, банкеттерде отыру, осылай жалғаса береді. Әлемнің қай жерінде біз сияқты мерейтой өткізеді? Ұлы даталарды атап өтіп, баспасөзде, телеарналарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда айту керек. Ал дүркіретіп той ұйымдастыру, айдалада мыңдаған қазақ үй тігу мерейтой иесіне не берерін айтыңдаршы маған?», - деді Елбасы.
Сондай-ақ ҚР Президенті ұлы бабаларымыз жайында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен ақпарат таратуы керектігін ерекше баса айтты.
«Мерейтойды туған-туысы, демеушілер өткізсін. Менің қарсылығым жоқ. Бірақ, тек мемлекеттің қаржысына емес», - деді Мемлекет басшысы.