ОТАН ҮШІН - ОТ КЕШКЕНДЕР!
Қызылорда жол бөлімшесі кәсіподағы мен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы бірлесіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба шеңберінде соғыстан кейінгі жылдарын теміржол саласының өркендеуіне арнаған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай, Қызылорда «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаева және Қызылорда Теміржол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жолдыбай Сыздықов соғыс ардагерлері Мария Важинаны 93 жасқа толған туылған күнімен және Зикирия Панабековті алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап сый-сияпат жасады.

Айта кетейік, бүгінгі күнде Қызылорда Теміржол бөлімшесі бойынша 15 Ұлы Отан соғысының ардагері 60 тыл еңбеккерлері бар.