ПЕРЗЕНТХАНАДА МЕРЕКЕЛІК АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы күні қалалық перинаталдық орталығында «Қош келдің, балақай!» атты мерекелік акция өткізілді.
Перзентхана ұжымында орыс, кәріс, татар, грек, украин, молдаван сынды түрлі этнос өкілдері еңбек етіп келеді. Ұжымның татулығының және елеулі еңбегінің арқасында «Ең үздік медициналық мекеме», «Нәрестеге ерекше мейірімімен қарайтын аурухана» атақтарына ие болған. Соңғы 5 жыл көлемінде дүниеге келген балалар саны артып, жыл сайын 7 мың нәресте өмірге келеді.
Қызылорда облыстық Ассамблеясы облыстық саясаткер әйелдер клубымен бірлесіп өткізген акциясында клуб төрайымы Р.Ахметова, қалалық мәслихат депутаты Г.Жұмашева, этномәдени орталықтар жетекшілері Л.Ли, Г.Щербаковалар осы күні дүниеге сәби алып келген аналарымызға сыйлықтар табыс етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылу күні Қызылорда қаласында 25 сәби дүние есігін ашты.