Райкүл Ілиас: Білім саласындағы оң өзгерістер – маңызды бастама
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биылғы тамыз конференциясында білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелерін талқылап, тың инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынды. Қазіргі білім және тәрбие беру үдерісін іске асыратын ұстаздар қауымының алдына мемлекеттің озық инновацияларға сай өркендеуіне зор үлес қосатын жас буынды тәрбиелеу міндетін қойды. Мақсат - білім сапасын көтеру. Ол үшін нақты тапсырмалар берілді.
Мемлекет басшысы ұлттың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір жолы педагог мәртебесін көтеру деп көрсеткен болатын. Оның ең маңыздыларының бірі мұғалім жалақысын көбейту, магистр дәрежесіне қосымша ақы төлеуді ұйымдастыруды Үкіметке тапсырды. Сонымен бірге, педагогтың міндетіне жатпайтын жүктемелер мен есепсіз есеп берулерді, негізсіз тексерулерді қысқартуды қадап айтты. Мұғалім жалақысының төмендігіне тоқтала келе, білім беру жүйесіне білікті мамандарды тарту мақсатында төрт жылдың көлемінде мұғалім жалақысын екі есе көбейтуді тапсырылған болатын. Әрине, бұл жаңалық ұстаздар қауымын елең еткізгені анық. Мемлекет тарапынан мұндай қолдаудың болуы жаңартылған білім беру жағдайындағы мұғалім еңбегінің еленгені.
Ұлттың, елдің болашағы ұлттық тәрбиемен сусындап, білім мен ғылымды меңгерген жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да барлық мақсаттар мен міндеттер айқындалатын Үкімет әзірлеп жатқан «Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» талқылауға әріптестерімді зор ынтамен қатысуға шақырамын.
Райкүл ІЛИАС,
Ә. Оңалбаев атындағы №117 орта мектебінің директоры