ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ҚАР ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы секундына 18-23 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Ақтөбе, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарында 15-20 м/с жел соғып, жекелеген аудандарда бұрқасын болады.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз және таңертең 15-20м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасындатады.
Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 17-22 м/с жел соғады, түнде бұрқасын болады.