БАҒДАРШАМҒА - 100 ЖЫЛ
5 тамызы күні Кливлендте америкалық бағдаршам компаниясы бірінші рет Эвклид авенюі мен 105-көшенің қиылысында алғашқы төрт электр бағдаршамын орнатты. Олардың қызыл және жасыл белгілері болды, түстері ауысқанда олар дыбыстық белгі берді. Жүйені жолдың қиылысындағы шыны күркеде отырған полицейлер басқарды. Бағдаршамдар жол жүру ережелерін көрсетіп тұрды: оңға бұрылу кедергі болмаған жағдайда кез келген уақытта жүзеге асырылды, ал солға бұрылу - жасыл жанғанда жол қиылысының орта тұсынан жүзеге асырылды.
Сары түс қосылған алғашқы үш түсті бағдаршамдар 1920 жылы Детройт пен Нью-Йоркте орнатылды.
КСРО-да алғашқы бағдаршам 1930 жылдың 15 қаңтарында Ленинградта Невский мен Литейный даңғылдарының қиылысында орнатылды.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина атап өткендей, Қазақ ССР тарихында Алматыда 1938 жылы Красноармейский мен Гоголь көшелерінің қиылысында қойылды. Сол кезде қалада шамамен 8 мың көлік болған.
Қазір Қазақстанның көше-қозғалыс желісінде 2323 бағдаршам пайдаланылады, олардың 80 пайыздан астамы жарық диодты бағдаршамдар.