БАЙҚОҢЫРДЫҢ ЕСКІ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҒЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ
Байқоңыр қаласының ескі, жұмысы тұралап қалған өнеркәсіп аймағына қайта «жан бітуі» мүмкін. Бұл туралы Қызылорда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Сейілхан Тойбазаров BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Байқоңыр әкімшілігімен «Байқоңырды, Төретам және Ақай елді мекенін дамытудың жол картасы» жобасы талқыланып жатыр. Төретамды «Бейнеу — Бозой» құбыры арқылы газбен қамту қарастырылған, ал егер ауылға көгілдір отын келсе, өнеркәсіп нысандарын да салып, адамдарға бизнес жүргізуге мүмкіндік беру керек», – дейді ол.
Төретам елді мекені аумағында ЕХРО-2017 нысандары да орналасуы әбден мүмкін. «Оларды Байқоңырда салу бізге тиімсіз, өйткені нысанды салып болғаннан кейін заң бойынша Ресейдің баланысына беруіміз керек, – деп түсіндірді Тойбазаров. – Бұл Ресейге де, бізге де қажет емес».