ОСЫ ЖЫЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АЯҚСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН 6 КАНАЛ ТАЗАЛАНАДЫ
Бүгінгі күні, облыс тұрғындарының 60 пайыздан астамы ауылдық елді мекендерде тұрады. Сондықтан, ауыл тұрғындары үшін суармалы су - негізгі күн көрістің көзі болып саналады. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан өткен жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 12 каналды тазалап, 12 дана насос қондырғыларын алып берді.
Тазаланған каналдар мен қондырылған насостардың нәтижесінде, ауыл тұрғындары 852 гектар жерге бау-бақша, көкөніс дақылдарын егуге және 1,9 мың гектар жайылымдықтарды суландыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәлімдеді.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 136 млн. теңгеге «Қазалы ауданындағы Қотанкөл және Арал ауданындағы Шөмішкөл көлдерін Сырдария өзенінің тасқын суларымен толықтыру үшін гидротехникалық жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде, Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстары аяқталды.
Осы жылы елді мекендерді аяқсумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру үшін барлығы 6 канал тазаланатын болады. Және де қосымша 2 насос қондырғылары алынады.
Шынар БЕКБАН