ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ЭБОЛАМЕН КҮРЕСКЕ 200 МЛН. ДОЛЛАР ЖҰМСАМАҚ
Дүниежүзілік банк көмек ретінде Батыс Африканың үш еліне Эбола безгегінің өршуіне байланысты 200 млн. доллар қаражат аудармақ, деп жазады Би-Би-Си.
Аталған қаржы Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леон елдерінде бастау алған ауру ошағымен күреске, денсаулық сақтау саласына жұмсалады.
ДДСҰ таратқан соңғы ақпаратына сәйкес, Эбола безгегінен ажал құшқандар саны 887 адам болды. Гвинеядан бастау алған ауру ошағы көршілес Сьерра-Леон мен Либерияға тараған. БҰҰ мәліметі бойынша, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында осы үш елде безгек ауруынан 61 адам көз жұмған.