2015 ЖЫЛЫ 1300-ДЕН АСТАМ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІ ПӘТЕР КІЛТІН АЛАДЫ
Биыл қазақстандық 1324 әскери қызметші пәтер алады. Тұрғын үйлер Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Жаркент, Теміртау және Аягөз қалаларында күрделі құрылыс, күрделі жөндеу және пәтерлерді сатып алу арқылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Гвардейский, Сарыөзек, Б.Момышұлы, Отар, Арнасай, Ақмол кенттерінде де пәтер берілмек.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазақстандық әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы шаралардың арқасында әскери қызметшілер мен олардың отбасының өмір сүру деңгейі артып келеді. 2009-2014 жылдар кезеңінде Қазақстанның түрлі қалалары мен өңірлерінде 6 336 пәтер (оның ішінде 63 жалдамалы) және 273 пәтерлік 201 коттедж пайдалануға берілді.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 10 жыл өтілі бар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге 2013 жылғы 1 қаңтардағы келісімшарт бойынша қызметтік тұрғын үй беру көзделген, ол болмаған жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз етілгенше, оның пәтер жалдап тұруына өтемақы төленеді.