ЕНДІ ӘКІМДІКТЕР НЕКЕ ҚИЮҒА УӘКІЛЕТТІ
Енді әкімдіктер бала туу, өлім, неке қию, бала асырап алу, есімді өзгерту секілді азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызметтерді ұсынумен айналысады, деп хабарлайды 7 канал. Мұнан көрсетілетін қызметтің сапасы төмендемейтінін алға тартып отыр шенеуніктер.
- Бұған дейін салтанатты неке қию рәсімі бәсекеге сай ортада іске асатын. Ал енді әділет органдарының АХАЖ қызметі жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге жүктелді, - дейді сала мамандары.
Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап заңды тұлғаларды тіркеу процедурасы жеңілдетілді. Жаңа ережелер бойынша, кіші және орта бизнес иелеріне жарғылық капиталдарын растаудың қажеті жоқ. Және жылжымайтын мүлікке байланысты келісім-шарттар электронды үкімет арқылы жеделдетілмек. Қазір нотариустар деректерді әділет органдарында тіркеуден тікелей өткізу құзіретіне ие болды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА