ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы секундына 18-23 метр, екпіні 23 м/с-ке жететін жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысында түнде 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні кей жерлерде 25 м/с-ке дейін барады. Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел соғады. Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазастан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.