ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ
Шымкентте бәйшешек гүлдеді. Күннің күрт жылынуынан қардың көбесі сөгіліп, көктемнің нышаны болған дала гүлі қауыз жарған. Қала шетіндегі шалғындықтар көкке оранған. Оңтүстікке жыл құстары да ерте келіпті. Қариялар қаз-үйректің ұшып келуі мен бәйшешектің бүр жаруына қарап, өңірде биыл көктем ерте шығады деп жорамалдап отыр. Ал облыстық ауа райын болжау орталығындағылардың мәлімдеуінше, ақпанның 10 мен 13 аралығында күн жылы, жауын-шашынды болады. Оның соңы қарға ұласып, 14 ақпаннан бастап күн суытады. Тіпті ауаның салқындығы 15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.