ЕҢБЕКАҚЫ БЕРЕШЕГІН ӨТЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы штаб отырысы өтті. Мәжілісте еңбекақы берешегін өтеу мәселесі қаралды.
Бүгінгі таңда елімізде әрбір адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, оған уақытында еңбекақы төлеу басты назарда тұр. Облыстағы жеті кәсіпорын жұмыскерлердің жалақыларын төлемеген. Бүгіндері бұл кәсіпорындардың еңбекақы берешегі 1327 жұмысшыға 162 млн теңгеден асып жығылады. Облыс әкімі жұмысшылардың маңдай терімен тапқан жалақыларын төлемеу кикілжіңге алып баратын жағдай екенін қатаң ескертті. -Мекеме басшыларына сөгіс жариялап, ескерту жасап отыратын уақыт жоқ, еңбек заңнамасына сай құқық бұзылса, тиісті жауапқа алу керек,-деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, өндіріс процесін тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету бойынша Қызылорда облысы әкімдігі және ірі және орта кәсіпорындар арасында ынтымақтастықтар туралы меморандумдарға қол қойылған болатын. Облыс әкімі шаруашылық жағдайы қаншалықты ауыр болғанымен де, еңбеккерлердің ақысын уақтылы өтеу бірінші кезекте тұруы тиіс екенін айтып, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне және жұмыс қуаттылығына апта сайын мониторинг жүргізуді және ақпанның 15-не дейін барлық берешектен құтылу жөнінде тиісті мекеме басшыларына қатаң тапсырма берді.