НЬЮ-ЙОРКТЕ ЕҢБЕКТЕГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Жыл сайын ұйымдастырылып жүрген шара осымен алтыншы рет қолға алынған екен. Жарысқа қатысушы сәбилер әлі аяғына тік тұрып үйренбегенмен еңбектеуден алдына жан салмайды екен.
Ал балаларының жеңімпаз атанғанын қалаған кейбір ата-аналар өздерімен бірге ойыншық пен планшет сияқты сәбилерінің сүйікті құрал-жабдықтарын ала барыпты. Бірнеше кезеңнен құралған жарыс қорытындысы бойынша 12 айлық Лиам Херролд есімді қағылез бала ең жақсы көрсеткішпен барлығын артқа тастады. Жеңімпаз баланың ата-анасы оның, тіпті егіз ағасынан озып түскенін айтып, қылықтарына риза болды.
Николь Херролд,
жарыс жеңімпазының анасы:
- Негізі ағасы жылдам еңбектеуші еді. Бірақ бұл әкесін өте қатты жақсы көреді. Жеткенше асықты ғой!
Джон Херролд,
жарыс жеңімпазының әкесі:
- Жаттығып жүргенімізге бір жыл болды ғой! Үйдегі жиһаздарды әрі-бері көшірмек болып, тыным таппаймыз. Мүмкін, содан аяғының бұлшық еттері шынығып, бәрінен озып кеткен шығар.
«Хабар» арнасы