Қызылордада халықты жаппай құлақтандыру жүйесі тексерілмек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ертең облыс аумағында құлақтандыру сигналы қосылатынын хабарлады.
«7 тамыз күні сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында электросиреналарды қоса отырып «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріледі. Сонымен қатар теле-радио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі.
Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.