ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢАРТЫЛҒАН ХИМРЕАГЕНТ ЗАУЫТЫ ЖОСПАРЛЫ ҚУАТҚА ШЫҚТЫ
Қызылорда облысында жаңартылған химиялық реагенттер өндірісі зауыты бір жылдан да аз уақыт ішінде жоспарлы қуатқа шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Өткен жылдың қаңтарында Қызылордада өңірдің Индустрияландыру картасына енген «Химиялық реагенттер өндірісі көлемін арттыру бойынша өндірісті жаңғырту» жобасын іске асыру аяқталған еді. Облыс әкімдігінің ақпаратынша, жаңғыртуға 500 млн теңге жұмсалған, жаңартылған кәсіпорын алдына жылына екі мың тонна өнім шығару міндеті қойылды.
Компания өндірісінен шығатын химиялық реагенттерді негізінен мұнай фирмалары сатып алып жатады. Кәсіпорын өніміне сұраныс өте жоғары. Өткен жылы жаңғыртылған зауытта 2 мың тоннаға жуық реагент шығарылды, яғни бір жылдан да аз уақыт ішінде өндіріс толық қуатқа көшіп, тұрақты жұмыс істеп келеді. Бүгінде облыстың мұнай компанияларымен өнім жеткізуге келісімшарттар бекітілді.