ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ 60-70 ПАЙЫЗЫ ЖАЛАҚЫСЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР
Жалақы төлемейтін мекемелердің көбісі - жеке құрылыс мекемелері. Сол мекемелердегі жұмысшылардың 60-70 пайызы бүгінде жалақыларын ала алмай табан тоздырып жүр.
Жыл басынан бері жұмысшыларына жалақысын бермеген 7 мекеме анықталған. Соның ішінде «Қызылорда су жүйесі» МКК жұмысшылардың алдында 80 млн теңге көлемінде қарызы бары анықталды. Бүгінде бұл мекемелерге жуық арада қарыздарын құтылуы жөнінде тапсырмалар берілген. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев осылай мәлімдеді.
- «Миг-ХХІ» ЖШС бүгінде банкротқа ұшырап, 113 жұмысшысына жалақысын алып беру үшін жұмыстар жасалып жатыр. 2-3 ай көлемінде қарызынан толық құтылады деп күтілуде. Осылайша облыс көлемінің тұрғындарының арыз-шағымдарына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстық прокуратурамен бірлесіп, 31 мекеменің 2735 жұмысшысына 301,0 млн теңге өндіріп берді, - деді Н.Жолдасбаев.
Сондай-ақ, бүгінде жұмысынан айрылып қалудан қорқып, өздерін жария етуден бас тартып, еш негізсіз шағымданатын азаматтар да жетерлік. Ол жағдайда ол азаматтардың арыз-шағымы қаралмайтынын айта кету керек. Сондықтан әрбір азамат өзінің еңбек заңын білуі тиіс. Осы орайда, өткен жылы 70 мекеменің жұмысшыларымен кездесу өткізіп, жұмысқа орналасқанда отыратын келісім-шарттармен қалай танысып, өз құқықтарын қорғауы жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізілген.
Шынар БЕКБАН