ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімінің орынбасарлары сұхбат береді. Жыл қорытындысы, Елбасы тапсырмаларының облысымызда орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық, индустриалды-инновациялық дамуы, өңірдегі өркенді істер мен өзекті мәселелер әңгімеге арқау болады.
9 ақпан күнгі тікелей эфирдің қонағы - облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қожаниязов Серік Салаватұлы - ауыл шаруашылығы, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын пайдалану, кәсіпкерлік және туризм, Байқоңыр қаласындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша;
10 ақпан облыс әкімінің орынбасары Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы - энергетика, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи монополияларды реттеу, құрылыс, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша;
12 ақпан облыс әкімінің орынбасары Әміреев Ғалым Махмутбайұлы - индустриялық-инновациялық даму, өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша;
13 ақпан облыс әкімінің орынбасары Годунова Наталья Николаевна - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, экономика, қаржы мәселелері бойынша;
16 ақпан облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы - ішкі саясат, білім беру, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет мәселелері бойынша тұрғындардың толғандырған сауалдарына тікелей эфирде жауап береді.
Егер Сізді мазалап жүрген мәселелер және көкейлеріңіздегі сауалдар болса, онда студия қонақтары – облыс әкімінің орынбасарларына өз сауалдарыңызды алдын ала 27-90-75 және тікелей эфир кезінде 27-90-20 байланыс телефондары арқылы қоюларыңызға болады.
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы тікелей эфир уақыты сағат 19.00.