ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ҚХА ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының ашылуына орай Астанада өтiп жатқан салтанатты шарада Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiхалықова Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзiн жеткiздi.
«Бүгiн бүкiл ел бойынша менiң Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы бастау алады. Бүкiл жылды бiз ең басты байлығымыз – туелсiздiк, еркiндiк, бiрлiк, бейбiтшiлiк пен келiсiмге арнаймыз. 20 жыл бұрын 1995 жылы 1 наурызда мен Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл бiрегей институт бiздiң қоғамда бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтауды көздейдi. Осы уақытта Ассамблея жалпыхалықтық, жалпыазаматтық, саясатүстi органға айналып, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгiнде Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық өкiлдiктiң институты, азаматтық қоғамның авангарды болып отыр», - дейдi Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, сондықтан Ассамблея Жылы – бiздiң ортақ мерекемiз, барлық 17 млн қазақстандықтың iсi. Елбасының айтуынша, әрбiр азамат бiздiң жерiмiздегi бейбiтшiлiк, келiсiм үшiн жауапкершiлiктi сезiнуi тиiс.
«Ассамблея Жылы бiздiң орасан нақты iстер мен жаңа жетiстiктердiң жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секiлдi маңызды оқиғаларға бай. Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсiне айналуы туыс. Қазақстан – бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан Ассамблея Жылының басты идеясы – «Менiң елiм – мәңгiлiк ел!». Барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының ашылуымен құттықтаймын! Тәуелсiздiк, бiрлiк пен келiсiм рухы бiзге күш-қуат пен сенiмдiлiк берсiн!», - деген құттықтауын жолдады Мемлекет басшысы.