ЕЛІМІЗДЕ КАРДИОХИРУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Елімізде жүрек ауыстыруға 100-ден аса адам операция кезегінде тұр. Бұл туралы орталық коммуникациялық қызмет брифингінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Юрий Пя мәлімдеді, деп хабарлайды http://kazakh-tv.kz.
Оның айтуынша, еліміз жүрекке бірегей, жоғары технологиялық ота жасайтын әлем¬дегі 22 елдің қатарында. Соңғы екі жылда жүрек алмастыру операциясы 10 адамға жасалған. Атақты хирург Қазақстанда кардиохирургия саласы жоғары дәрежеде дамып келе жатқанын айтты. Заманауи талаптарға сай орталық былтыр Біріккен халықаралық комиссияның ресми тұжырымдамасын иемденіпті.
- Жуырда министр Тамара Дүйсеновамен жолығып, кардиохирургия саласының даму жайын талқыға салдық. Алдағы уақытқа нақты жоспарлар бекітілді. Бүгінгі күннің өзінде өзге ел мамандары біздің орталыққа келіп, тәжірибе жинап жүр. Енді Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс елдері мен Түркия дәрігерлері біліктіліктерін арттыруға келеді, - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.