ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР «НҰР ОТАН» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНА «ҚАЗПОШТА» АҚ АУЫЛДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАДЫ
Ауылдық елді-мекен тұрғындары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына Қазпошта бөлімшелерінде орнатылған бейне конференсбайланыс арқылы өтініштерін бере алады. Соның барысында пошта байланыс бөлімшелерінде ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүкте ашылады.
Конференсбайланыс арқылы бейне байланыспен шалғайдағы елді-мекен тұрғындары партияның қоғамдық қабылдауына, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері-депутаттар: мәжіліс пен мәслихаттағы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларына өтініш бере алады. Бұл азаматтарды қамтуды ұлғайтуға, өзекті мәселелерді қараудың санын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметі, парламеттік фракция жұмысы және мемлекет қабылдаған антикризистік шаралар туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Біз Қазпоштаның ауылдағы, еліміздің шалғай елді-мекендеріндегі жұмысының маңыздылығын түсіне отырып, ауыл тұрғынының экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Осы жобаның енгізілуімен ауылдағы ғаламторға кіруге мүмкіншілігі жоқ тұтынушыларымыз Қазпошта бөлімшесінен «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне бейне-қоңырау шалу арқылы өз сұрақтарын жолдай немесе қала\облыс әкімінің ресми порталына өтініштерін қалдыра алады. Бұл қызметті ғаламторға кіруге тәжірибесі жоқ адамдар да пайдалана алады, өйткені оларға біздің компанияның арнайы дайындалған қызметкері көмектесетін болады», - деп, атап өтті өз сөзінде «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеті жыл бұрын құрылған аймақтардағы қоғамдық қабылдаулар көптеген азаматтар үшін мемлекеттік органдар және депутаттармен байланыс үшін тиімді құрал болып отыр.
Қазіргі уақытта республикамызда партияның ақысыз заңгерлік кеңес қана емес, сонымен қатар нақты мәселелер бойынша көмек беретін 241 қоғамдық қабылдауы жұмыс жасауда. Өз кезегінде «Қазпошта» АҚ-ның ауылдық бөлімшелеріндегі ғаламторға кіру мүмкіндігі бар 50 нүктенің ашылуы азаматтар жүгінісінің жедел қаралуына ықпал етеді және мемлекеттік органдар мен депутаттардың тұрғындармен өзара қарым-қатынасын арттыра түседі.
«Қазпошта» АҚ әлеуметтік-жауапкершілікті компания бола отырып, осындай бөлімшелерді құру арқылы тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жолында нақты қадамдар жасап отыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша қазақстандық поштаның 3200-ден аса бөлімшесі, 14 облыстық және республикалық мағынадағы 4 филиалы бар. Осы қызмет ұйымдастырылған бөлімшелерінің тізімін компанияның www.kazpost.kz ресми сайтынан ала аласыздар.