МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕ ТҰРАТЫН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ТӨЛЕМДЕРІНЕ КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында ынтымақты зейнетақы төлеуде 30% мөлшерінде шектеулер қарастырылған, бірақ ол тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Заң жобасында медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) тұратын азаматтарға берілетін зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары бойынша оңтайландырудың келесі шаралары қарастырылған:
Біріншіден, азамат үшін аталған төлем жалғыз жәрдемақы болып табылатын жағдайдан басқа кезде алушы тұлға МӘМ тұрған мерзімде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін (қазіргі уақытта оның мөлшері 11182 теңгені құрайды) беруді тоқтату ұсынылады.
Атап айтқанда, МӘМ тұратын тұлғаның зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқысы болмаса (мысалы, босқын, мигрант, тұрғылықты жері жоқ тұлға және т.б.), базалық зейнетақы ол үшін жалғыз жәрдемақы болған жағдайда МӘМ тұрған кезінде төлемдерді ала береді.
Екіншіден, заң жобасында ынтымақты зейнетақы төлеуде 30% мөлшерінде шектеулер қарастырылған, бірақ ол «Республикалық бюджет туралы» Заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (2015 жылы төменгі зейнетақы мөлшері 23 692 теңгені құрайды) кем болмауы қарастырылған.
Яғни, МӘМ тұрған кезеңде белгіленген зейнетақының тек 30% төленеді. Айталық, зейнетақы мөлшері 80000 теңге болса, МӘМ тұрған кезінде ол 24000 теңгемен шектеледі.
Бірақ, алатын зейнетақы мөлшерін 30%-ға дейін шектеген жағдайда төлем төменгі зейнетақыдан аз болса, ол зейнетақының төменгі мөлшерінде беріледі. Айталық, зейнетақы мөлшері 61000 теңге болса, МӘМ тұрған кезеңінде оған 23 692 теңге беріледі.
Егер МӘМ тұратын адамға зейнетақы толық емес мөлшерде белгіленсе және оның мөлшері төменгі зейнетақыға жетпесе (мысалы, 17 000 теңгені құраса), оның мөлшері сақталады.
Үшіншіден, заң жобасында МӘМ тұрған кезеңде мүгедектiгi және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерін 30%-ға дейін шектеу ұсынылады. Бірақ, бұл шектеудің тіреу-қозғау аппараты бұзылған мүгедек балаларға қатысы жоқ.
Айта кету керек, зейнетақы мен жәрдемақылардың 70% мөлшерінде қалған бөлігі ол азаматтарға МӘМ тұрған кезеңде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін мекеменің есеп-шотына толық көлемде бағытталады.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрмайтын қариялар мен мүгедектер азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға, сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша түрлері үшін шығын шығаратыны белгілі. Ал МӘМ тұратын және толық мемлекет қамтамасыз ететін тұлғалардың шығыны медициналық әлеуметтік мекемелердің есебінен жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.