«АСЫЛ МИРАС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ АЛЫП БЕРДІ
Бүгін Қызылорда қаласының облыстық перинаталдық орталығына шала туылған сәбилерді күтуге арналған медициналық жабдық тапсырылды.
Құны 30 млн. теңге (30 млн. 076 мың 800 теңге) тұратын жабдық 2014 жылдың 23 тамызында өткен екiншi «Rixos Borovoe-2014» қайырымдылық велошеруi кезiнде жиналған қаржыға сатып алынды. Науқанның ұйымдастырушылары - «Rixos Borovoe» қонақ үйі және Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры.
Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастаған «Rixos Borovoe» велошеруіне қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың 300-ге жуық топ-менеджері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Велошеру қатысушыларының салған жеке жарнасының, сондай-ақ, «Верный Капитал», «Қазцинк», «Beeline Kazakhstan», «Altyntau Resources», «Astana Property Management», «BI Group», «Vinci», «Turner», «Deloitte», Еуразия Тобы компанияларының, «Kassa Nova», «Forte Bank», «Темір Банкі», «Альянс Банкі» банктерінің және Қазақстан Теннис федерациясының корпоративтік жарнасының арқасында шала туылған сәбилерге күтім жасауға арналған заманауи медициналық жабдықты сатып алуға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік туды. Велошеру шеңберінде олимпиада чемпионы Александр Винокуровтан, «Тур де Франс 2014» жеңімпазы Винченцо Нибалиден, сондай-ақ, «Astana» велотобының басқа да белгілі қатысушылары мен атақты қазақстандық теннисшілерден ұсынылған лоттар қойылған қайырымдылық аукционы өтті. Аукцион қорытындысы бойынша 79 415 000 теңгені құраған рекордтық сома жиналды. «Асыл Мирас» қоры жоғары сапалы медициналық көмекті көрсетуге арналған және шала туылған сәбилерді күтуге арналған қажетті жабдықтың толық жиынтығын сатып алу үшін жиналған қаржыны Ақмола облысы перинаталдық орталығы мен Қызылорда перинаталдық орталығы арасында бөлу туралы шешім қабылдады.
Бүгін «Rixos Borovoe» және «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры Қызылорда облысының перинаталдық орталығына арнап 30 млн. 076 мың 800 теңге сомасына келесі жабдықтарды сатып алды:
1. Жаңадан туылған сәбилерге арналған өкпедегі ауаны жасанды жолмен алмастыру аппараты – (3 дана)
2. Фототерапия шамдары – (4 дана)
3. Кереует жанындағы монитор – (2 дана)
4. Шприцтық сорғы – (5 дана)
«Rixos Borovoe» қонақ үйі мен «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының көмегінің арқасында жансақтау және жаңа туылған сәбилерге қарқынды ем көрсету бөлімдері жеткілікті мөлшерде заманауи құрылғылармен жабдықталып, енді онда облыстың 7 ауданына жататын барлық нәрестелер қажетті көмекті ала алады», - деді Қызылорда қаласының Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Ляйля Құлтаева.
Облыстық перинаталдық орталық аймақтандырылуы 3-деңгейге жататын босанатын әйелдерге жәрдем көрсететін мекеме болып табылады, мұнда облыстың 7 ауданынан ауыр жағдайлармен келіп түскен жүкті әйелдер, жаңа босанған әйелдер мен нәрестелер қаралады. Облыс бойынша 22 аптадан бастап 32 аптаға дейінгі аралықта мерзімінен ерте болған барлық босанулар облыстық перинаталдық орталықта өтеді. Сонымен қатар, перинаталдық орталыққа өте қиын жағдайдағы нәрестелер санитарлық авиация арқылы аудандардан тасымалданады. Шала туылған сәбилерді күту үшін және нәрестелердің арасындағы өлім-жітімді төмендету үшін ең жаңа медициналық жабдық қажет. Сатып алынған жабдық жансақтау және жаңа туылған сәбилерге қарқынды ем көрсету бөлімдерінде қолданылатын болады.
«Жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауда перинаталдық орталықтарға көмек көрсету бойынша ізгі мақсатқа жету үшін біз дәстүрлі қайырымдылық велошеруін ұйымдастырдық. Өткен жылы өткізілген велошерумен салыстырғанда біздің нәтижелер өсіп келеді, біз күткенімізден көбірек назар мен демеуқаржыны тарттық, бұл біз үшін аса қуанышты жайт», - деді Rixos Borovoe қонақ үйінің бас менеджері Февзи Опсар.
«Асыл Мирас» қоры үшін Қазақстанның балалары, олардың денсаулығы мен бақытты болашағы ең жоғарғы құндылық болып табылады, - деді «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры Марат АЙТМАҒАМБЕТОВ. – Сондықтан жиналған қаржыны еліміздің ең кішкентай азаматтарын күтуге арналған медициналық жабдықты сатып алуға жұмсалады деп іс-шараны жоспарлау және дайындау кезеңінде күнібұрын шешілген болатын. Енді қазір біз дәрігерлер мен медбикелердің ауыр еңбегіне деген үлкен әрі терең құрметімізді білдіре отырып, осы жабдықты Қызылорда қаласының Перинаталдық орталығына тапсырып отырмыз».

***
Қызылорда Облыстық перинаталдық орталығы төрт қабатты ғимаратта орналасқан 5 корпустан тұрады, ол 200 кереуетке шақталған. Оның құрылымында 80 кереуетке арналған босандыру бөлімі бар, оған 12 жеке босандыру палатасы және ересектерге арналған 10 жансақтау палатасы кіреді, 35 кереуетке арналған жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі, 35 кереуетке арналған гинекология бөлімшесі және 50 кереуетке арналған жаңа туылған сәбилер бөлімшесі бар. Жыл сайын Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында орташа есеппен 4000-нан астам әйел босанады. Олардың ішінде мерзімінен ерте болған босанулар саны 15%-ға жуық (облыстық көрсеткіште -4%).