ЕЛІМІЗДЕ 7 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ ТҮРІ ТІРКЕЛГЕН
Тұрғындардың тегін дәрі-дәрмек алатын санаттары кеңейтілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Шакизада Исағалиева мәлімдеді.
Ш.Исағалиеваның айтуынша қант диабеті ауруы бойынша 1-18 жасқа дейінгі балаларға құны миллионға жуық қаржыны құрайтын шығыс материалдарымен комплектте инсулин помпалары қосылды. Ал, пневмония ауруы бойынша бұрын 5-18 жас аралығын қамтитын болса, қазір 0-18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар қосылды. Сонымен қатар, бронхиалды астма ауруы бойынша барлық жастағы балалар қосылған.
«Бүгінгі күні сырттан келетін дәрі-дәрмектің бағасы республикаға кіру кезінде мемлекеттік тіркеу барысында бекітіледі. Қазіргі таңда елімізде 7 мыңнан астам дәрі-дәрмектер тіркелген, жылына 350-ге жуық дәрі тіркеледі. Ал өткен, жылы 476 атаулы дәрілер тізімі бекітіліп, шектеулі бағасы қойылған. 2014 жылы стационарлық және амбулаториялық деңгейде берілетін дәрілердің бағасының көтерілуі болған жоқ. Сондай-ақ дәрілерді тегін пайдаланатын науқастар баға өзгешелігін сезінген жоқ», - дейді Ш.Исағалиева.
Фариза ОМАРОВА