ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАР САНЫ АЗАЙДЫ
Туберкулез дертінің көрсеткіші өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,3 пайызға және 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық, өлім-жітім көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рзақұл Нұртаев мәлім етті.
Облыстың барлық аудандарымен Қызылорда қаласының аумағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы болып саналады. 2014 жылы КҚГҚ-на күдікті 4 науқас тіркеліп, оның 3-і нақтыланған.
«Қолайсыз болып есепке алынған 116 елді мекен аймағында санитарлық қорғаныс құрылып, жер аумағында өңдеу жұмыстары көктем-күз айларында жүргізілді. Мал қораларын буферлік аймақтарды кенеге қарсы өңдеу шараларына 201,4 млн теңге қаражат бөлінген», - дейді Рзақұл Сәденұлы.
Сонымен қатар, департаменттің тексеру жұмыстары нәтижесінде өткен жылы 422 тағам өнімдері микробиологиялық зерттеуге алынып, оның 11-і талапқа сәйкес еместігі анықталған. Ал, санитарлық-химиялық зерттеуге алынған 846 тағам өнімдерінің 31-і талапқа сай келмеген. Өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды мейілінше қысқарта отырып, тиімді санитарлық ережелер қолға алынатын болады.
Фариза ОМАРОВА