«ПЕТРО ҚАЗАҚСТАН ҚҰМКӨЛ РЕСОРСИЗ» АҚ-НЫҢ ЗЕРТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының зертхана қызметкерлері Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханада «Химиялық технология және өндіріс» мамандығының «Химиялық анализ лаборанты» және «Техник-лаборант» біліктілігі бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Курстан өту барысында тыңдаушылар мұнай және суды анализдеуде қолданылатын инфрақызыл спектрометрия, ультракүлгін және көрінетін аймақтағы спектрометрия, газды хроматография, хромато-масс спектрометрия, тиімділігі жоғары сұйықты хроматография, калориметрия, Карл-Фишер бойынша кулонометрлі титратор және т.б. тәрізді заманауи физика-химиялық талдау әдістерін меңгерді, делінген университеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.