Тоқаев жетекшілік ететін Ұлттық кеңес құрылды: оның құрамына кімдер кірді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ұлттық кеңестің негізгі мақсаты – мемлекет саясатының өзекті мәселелерін жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқылап, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Тоқаев жарлықтың орындалуын бақылауды Қазақстан президенті әкімшілігіне жүктеді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі деген не?
Жалпы ережелерге сүйенсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (Ұлттық кеңес) – Қазақстан Республикасының президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Ұлттық кеңестің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.
Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері
–тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;
–жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау;
–жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
–өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.
Ұлттық кеңестің құрамы
–Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының президенті, төраға
–Көшербаев Қырымбек Елеуұлы – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы, төраға орынбасары
–Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, хатшы
Ұлттық кеңестің мүшелері
1.Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – Экономикалық саясат институтының президенті
2.Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты
3.Әбдіғалиұлы Берік – Қазақстан Республикасы ұлттық архивінің "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы
4.Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы – қоғам қайраткері, "Серпін" ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы
5.Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – "Байтақ болашақ" экологиялық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті
6.Әшімбаев Данияр Рахманұлы – қоғам қайраткері, саясаттанушы
7.Байтасов Арманжан Мерекеұлы – Қазақстан медиаодағының тең құрылтайшысы
8.Бұқарбай Бақытжан – қоғам қайраткері, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы
9.Дорофеев Михаил Викторович – журналист, Informburo.kz мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы
10.Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты
11.Жандосов Ораз Әлиұлы – "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры
12.Жолдыбайұлы Қайрат – қоғам қайраткері, дінтанушы
13.Жұмалы Расул – қоғам қайраткері, саясаттанушы
14.Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы
15.Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – қоғам қайраткері, "Қазақ үні" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті
16.Кенжеханұлы Рауан – "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры
17.Қалиев Талғат Бегімұлы – "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры
18.Қожахметов Асылбек Базарбайұлы – "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті
19.Қожық Жәнібек – қоғам қайраткері
20.Қуат Дәурен – журналист, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы
21.Құттықадам Сейдахмет Рысқожаұлы – қоғам қайраткері
22.Мусин Бағдат Батырбекұлы – кәсіпкер, IT-маман
23.Мұқибек Ауыт – қоғам қайраткері, Nur Otan партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты
24.Мырзахметов Абылай Исабекұлы – "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы
25.Нұрбек Саясат – саясаттанушы, BTS Digital білім беру жобаларының басшысы
26.Нұров Қанат Ильяұлы – Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті
27.Омарова Айман Мұратқызы – адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшысы
28.Орынбек Айгүл – құқық қорғаушы қайраткер
29.Ошақбаев Рахым Сәкенұлы – "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі
30.Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
31.Садырбай Асхат Мұратұлы - "Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі
32.Саиров Ерлан Бияхметұлы - Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары
33.Сарым Айдос Әміроллаұлы – қоғам қайраткері, саясаттанушы
34.Споткай Максим Александрович – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жетекшісі
35.Тайжан Мұхтар Болатханұлы – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты
36.Тұрмағамбетова Жеміс Өтегенқызы – "Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры
37.Тұрсынов Ермек Кәрімжанұлы – Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер
38.Тілеухан Бекболат Қанайұлы – Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері
39.Чеботарев Андрей Евгеньевич – "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры
40.Шибұтов Марат Мақсұмұлы – "Транспаренси Казахстан" қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы
41.Шораев Арман Төлегенұлы – "Қазақстан барысы" даму қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы
Ұлттық кеңес туралы толығырақ Ақорда сайтынан оқи аласыз.